«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі туу мен өлі туу
өлшемдеріне Қазақстан Республикасының көшуі жөніндегі іс-шаралар
жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 1 наурыздағы
№ 38-ө Өкімі
Қазақстан Республикасында 2006 - 2007 жылдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі туу мен өлі туудың халықаралық өлшемдеріне көшу жөніндегі дайындық іс-шараларын жүргізу мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі туу мен өлі туу өлшемдеріне Қазақстан Республикасының көшуі жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Мүдделі министрліктер, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) Жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Yкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.
Премьер-Министрінің
2006 жылғы 1 наурыздағы
№ 38-ө өкімімен бекітілген
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі
туу мен өлі туу өлшемдеріне Қазақстан Республикасының
көшуі жөніндегі іс-шаралар жоспары
* қаржы қаражатының көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланады
Ескертпе:
ҚР ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ҚР Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ҚР Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ҚР СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі.