«Алтынды, күмісті, платинаны, басқа да қымбат бағалы металдар мен қымбат
бағалы тастарды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша роялти
ставкаларын белгілеу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 наурыздағы № 191 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 297-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес алтынды, күмісті, платинаны, басқа да қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша роялти ставкалары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2006 жылғы»20 наурыздағы
№ 191 қаулысына
Қосымша
Алтынды, күмісті, платинаны, басқа да қымбат бағалы
металдар мен қымбат бағалы тастарды қоса алғанда, қатты
пайдалы қазбалар бойынша роялти ставкалары
Алтынды, күмісті, платинаны, басқа да қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша роялти мынадай ставкалар бойынша белгіленеді: