Экономикалық саясат жөнiндегі кеңес құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.06.03 ж. № 590; 19.08.04 ж. № 869; 2005.22.02. № 158
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 21 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын дамытудың қағидатты сипаттағы маңызды мәселелерi жөніндегі келісілген көзқарастар мен ұсынымдарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған:
1) Экономикалық саясат жөніндегі кеңестiң құрамы;
2) Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының