«Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 20 наурыздағы № 68 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын
әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы

 

ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды

 

Қазақстанның саяси жүйесін жаңарту және еліміздегі демократиялық өзгерістерді тереңдету мәселелері жөніндегі жалпыұлттық үндесуді дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;

2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.

3. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 2 қарашадағы № 1467 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., № 44, 544-құжат) күші жойылды деп танылсын.

4.Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы наурыздың 20-ы.

 № 68

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2006 жылғы 20 наурыздағы

№ 68 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар

бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік

комиссия туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1.Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Мемлекеттік комиссия әз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік комиссияның қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.