Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 2 қарашадағы № 1467 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Демократия және азаматтық
қоғам мәселелерi жөніндегі ұлттық комиссия туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2004 жылғы 2 қарашадағы № 1467 Жарлығы

ҚР Президентінің 2006.20.03. № 68 Жарлығымен күші жойылды

 

Қазақстанның саяси дамуының аса маңызды мәселелерi бойынша жалпыұлттық үндесудi тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтiк-кеңесшiсi орган ретіндегі Демократия және азаматтық қоғам мәселелерi жөніндегі ұлттық комиссия құрылсын.

2. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Демократия және азаматтық қоғам мәселелерi жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Демократия және азаматтық қоғам мәселелерi жөніндегі ұлттық комиссияның дербес құрамы бекітілсiн.

3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

 

 

Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы Президентінің

2004 жылғы 2 қарашадағы № 1467 Жарлығымен

БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Демократия және азаматтық қоғам мәселелерi

жөнiндегі ұлттық комиссия туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Демократия және азаматтық қоғам мәселелерi жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрi - Ұлттық комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

2. Ұлттық комиссия қызметiнiң басты мақсаттары саяси жүйенi жетiлдiруге бағытталған шараларды тұжырымдау және азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру жөніндегі бiрiншi кезектi мiндеттердi айқындау болып табылады.

3. Ұлттық комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Ұлттық комиссияның құқықтары

4. Ұлттық комиссияның:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.