Тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру ережесі және беруден бас
тарту үшін негіздер Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар
министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының
2003 ж. 30 қазандағы № 502 бұйрығы
(Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация
комитеті төрағасының 03.08.04 ж. № 139; 2005.12.01 № 4 бұйрықтарымен енгізілген
өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 28 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы № 271-II Заңына сәйкес және жолаушыларды, теңдеме жүк пен жүкті тасымалдауды жүзеге асыру үшін тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесінің және беруден бас тартудың тәртібін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесі және беруден бас тарту негіздері (бұдан әрі Ереже) бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.