Табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 21 сәуірдегі № 376 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 30 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерiн бекітуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткізу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының