«Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы «ТАСИС іс-қимылдарының 2004 жылға арналған өңірлік бағдарламасы» бойынша бірнеше елді қамтитын бағдарламалар жөніндегі қаржылық келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 наурыздағы № 201 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы
арасындағы «ТАСИС іс-қимылдарының 2004 жылға арналған өңірлік бағдарламасы»
бойынша бірнеше елді қамтитын бағдарламалар жөніндегі
қаржылық келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 24 наурыздағы № 201 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы «ТАСИС іс-қимылдарының 2004 жылға арналған өңірлік бағдарламасы» бойынша бірнеше елді қамтитын бағдарламалар жөніндегі қаржылық келісімнің жобасы оған Қазақстан Республикасы Үкіметінің түсіндіру туралы мәлімдемесімен бірге мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Болат Әбілқасымұлы Палымбетовке Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы «ТАСИС іс-қимылдарының 2004 жылға арналған өңірлік бағдарламасы» бойынша бірнеше елді қамтитын бағдарламалар жөніндегі қаржылық келісімге оған Қазақстан Республикасы Үкіметінің түсіндіру туралы мәлімдемесімен бірге қол қоюға өкілеттік берілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов