«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы «ТАСИС іс-қимылдарының 2004 жылға арналған өңірлік бағдарламасы» бойынша бірнеше елді қамтитын бағдарламалар жөніндегі қаржылық келісімге Қазақстан Республикасы Yкіметінің түсіндіру туралы мәлімдемесі» (Жоба) (24 наурыз 2006 жыл)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы
 арасындағы «ТАСИС іс-қимылдарының 2004 жылға арналған өңірлік бағдарламасы»
бойынша бірнеше елді қамтитын бағдарламалар жөніндегі қаржылық келісімге
Қазақстан Республикасы Yкіметінің түсіндіру туралы мәлімдемесi

 

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 24 наурыздағы № 201 Қаулысымен мақұлданды

 

Еуропалық тараптың түсіндірмелерін негізге ала отырып, қазақстандық тарап Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы «ТАСИС іс-қимылдарының 2004 жылға арналған өңірлік бағдарламасы бойынша» бірнеше елді қамтитын бағдарламалар бойынша қаржылық келісімнің (бұдан әрі - Қаржылық келісім) кейбір нормаларын мынадай тәртіппен түсінетін болады.

1. «ТАСИС іс-қимылдарының 2004 жылға арналған өңірлік бағдарламасының» атауындағы «2004» деп тараптармен келісілген жобаларды болашақта іске асыру үшін еуропалық тарап Еуропалық Қоғамдастықтардың бюджетінде қаражат көздеген жыл түсініледі.

2. Қаржылық келісімнің 2-бабында көзделген қаржы қаражатын Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қаржылық келісімнің II қосымшасында көзделген міндеттерді іске асыру үшін Комиссия айқындаған үшінші тұлғаларға береді. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) көрсетілген қаржы қаражатын алмайды және оларды басқаруға қатыспайды.

3. Қаржылық келісімнің 3-бабының 3.1-тармағының ережесі Үкімет бағдарламаға қаржылай үлес қоспайды және 7-баптың 7.2-тармағының нормаларына сәйкес бұл ереже Қаржылық келісімнің І қосымшасының 2-бабының 2.2 және 2.3-тармақтарындағы ережелерден басым болады дегенді білдіреді.

4. Қаржылық келісімнің 8-бабының 8.1-тармағының 8.1.1) тармақшасында көрсетілген «3.1-бап» Қаржылық келісімнің І қосымшасының 3-бабының 3.1-тармағына сілтеме дегенді білдіреді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.