Конкурстық басқарушысын тағайындау және қызметінен шеттету жөніндегі
Ереженің бекітілуі туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс
министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет
төрағасының 2002 ж. 11 шілдедегі № 66 бұйрығы
(ҚР ҚМ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті
төрағасының 25.02.03 ж. № 14 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 20 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Заңын іске асыру және құру тәртібі жөніндегі комитеттің өз қызметі шегінде банкроттық рәсімін өткізуге бақылау жүргізуді іске асыру мақсатында,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Конкурстық басқарушысын тағайындау және қызметінен шеттету жөніндегі қоса берілген Ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет Төрағасының орынбасары Н.Қ.Мақажановқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді.
Төраға
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
жөніндегі комитет Төрағасының
2002 жылғы 11 шілдедегі
№ 66 бұйрығымен бекітілген
Конкурстық басқарушыны
тағайындау және шеттету туралы
ереже
Осы ереже "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету тәртібін және шартын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) белгілейді.
1. Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлға конкурстық басқарушы болып тағайындалу қарастырылады.