«Банкроттық рәсімдеріне және борышкерді соттан тыс тарату конкурстық басқарушының
қорытынды есебін келісу туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті
Төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 70 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен
жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы № 16 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 398 Бұйрығымен күші жойылды
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1944 нөмірімен тіркелген «Банкроттық рәсімдеріне және борышкерді соттан тыс тарату конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті Төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 70 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Банкроттық рәсімдеріне және борышкерді соттан тыс тарату конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу туралы ережесінде:
5 тармақта «мақұлдаған жағдайда» сөздері «қарағаннан кейін» сөздерімен ауыстырылсын;
сегізінші абзацта «жоспарын» сөзі «жоспар жобасын» сөздерімен ауыстырылсын.
мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
«әкімшілік шығындар сметасын анықтау және оны орындау»;
1 Қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2 Қосымшаның 1 тармағындағы алтыншы абзац «+Д6» санымен толықтырылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының орынбасары Б.А. Парсеговқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
| Төраға | С.М. Бекбосынов |
Қаржы министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен
жұмыс комитеті төрағасының
2006 жылғы»20 наурыздағы