Конкурстық басқарушының қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 398 Бұйрығы
(2014.13.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 224 бұйрығымен күші жойылды
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) конкурстық басқарушының қорытынды есебінің нысаны;
2) конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 9 тамызда № 1944 тіркелген «Банкроттық рәсімдеріне және борышкерді соттан тыс тарату конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу туралы ереже» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының 2002 ж. 11 шілдедегі № 70 бұйрығы;
2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 31 наурызда № 4165 тіркелген «Банкроттық рәсімдеріне және борышкерді соттан тыс тарату конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті Төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 70 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы № 16 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (С.М. Бекбосынов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Б. Жәмішев |