Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің
2004 жылғы 18 наурыздағы бұйрығымен бекітілген, № 2810 нөмірмен
тіркелген, Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен
жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін
тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін
бекіту туралы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004
жылғы 31 тамыздағы № 324-І бұйрығы
(2005.22.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 9 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 66-бабына сәйкес Бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы бұйрығымен бекітілген, № 2810 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.