(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2004.30.12. № 469 БҰЙРЫҒЫ

Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 469 бұйрығы

 

Осы редакция 2006 ж. 20 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 103-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына рұқсаттар беру ережесі бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (В.А.Сәтқалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында кейінгі жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

 

Министр

А. Дунаев

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2004 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 469 бұйрығымен бекітілген

 

 

Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді

қабылдауына рұқсаттар беру ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына рұқсаттар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар берудің тәртібін анықтайды.

 

2. Рұқсаттар беру тәртібі

 

2. Рұқсат - бюджет қаражатының көлемін айқындайтын құжат, мемлекеттік мекемелер солардың шегінде міндеттемелер қабылдайды.

3. Мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар беруді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар жүзеге асырады.

4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық органдары (бұдан әрі - Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері) Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінде (ҚБАЖ) бекітілген міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекемелерді дербес қаржыландыру жоспарларының міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына сәйкестігін тексергеннен кейін рұқсаттар беру басталады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.