«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
 
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы

 

ҚР Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен күші жойылды

 

 

Қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы (бұдан әрі - Стратегия) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) бір ай мерзімде Стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;

2) жыл сайын 30 қаңтарға қарай Мемлекет басшысына Стратегияның орындалу барысы туралы ақпарат берсін;

3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3.Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы сәуірдің 11-і.

№ 86

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2006 жылғы 11 сәуірдегі

№ 86 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы

 

«... деңгейі жоғары өмірдің басты шарты - тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.

Бұл міндетті біз атқара аламыз. Біз экономикада жылына 8-9% деңгейінде экономикалық өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті негізді жасадық. Енді бізге алға қарқын басуға және екінші онжылдықтың басында жаhандық экономикада лайықты орынға ие болуға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттарға күш-жігерімізді салу қажет.

... Қазақстан әлемдік көлік-коммуникация жүйесінің бөлігі болуы тиіс, бұл бізден еліміздің барлық көлік инфрақұрылымын жеделдете дамытуды талап етеді.

Біз аумақтық дамумен қисынды байланысқан ұзақ мерзімді көлік стратегиясын қабылдауға тиіспіз. Солтүстік-Оңтүстік және Батыс-Шығыс бағыттарында континентальды және трансконтинентальды транзитті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы магистральдар желісін құруымыз қажет.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.