«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 257 Қаулысы (2008.28.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі»
акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 257 Қаулысы

(2008.28.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж.12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамда «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Самұрық» холдингі» АҚ) Директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін;

2) бір ай мерзімде «Самұрық» холдингі» АҚ-ның тәуелсіз директоры лауазымына екінші кандидатура бойынша ұсыныс енгізсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 7 сәуірдегi

№ 257 қаулысына

Қосымша

 

ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 603; 2006.20.10. № 1013 (бұр.ред.қара); 2006.06.12. № 1178 (бұр. ред. қара); 2007.27.03. № 233 (бұр. ред. қара); 2007.24.09. № 829 (бұр.ред.қара) ; 2008.28.03. № 298 (бұр.ред.қара) қаулыларымен қосымша өзгертілді

 

«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегi

қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының

Директорлар кеңесінің құрамы