«Салық органдарында бақылау-экономикалық жұмыстың жай-күйі мен
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру
мен жүргiзу ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 12 сәуірдегі № 179 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің салық органдарын тексеруді жүргізудің тиімділігін арттыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса берілген Салық органдарында бақылау-экономикалық жұмыстың жай-күйі мен Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi бекітілсін.
2. Заңнаманы сақтау мәселелері бойынша салық органдарында, ведомстваларында, «Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттiк» ААҚ-да, аумақтық құрылымдары мен филиалдарында тексерулер жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Кіріс министрінің 2001 жылғы 8 қазандағы № 1399 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. ҚР ҚМ СК Ішкі жұмыстар басқармасы (Д.Ы. Ысқақов) осы бұйрықты облыстар, Астана, Алматы қалалары, арнайы экономикалық аумақтағы және № 1 аймақаралық салық комитеттерінің назарына жеткізсін.
4. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Салық комитеттерінің төрағалары төмен тұрған салық комитеттерінде тексерулерді жүргiзгенде осы бұйрықты басшылыққа алсын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға | Н. Рахметов
|
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 12 04
№ 179 бұйрығымен бекітілген
Салық органдарында бақылау-экономикалық жұмыстың жай-күйі мен
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді
ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Осы Ереже ведомствалық бақылаудың негізгі нысаны болып табылатын, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің салық органдарында тексеруді жүргізу тәртібін белгілейді.
Жалпы ережелер
1-тарау.
Негізгі ережелер