«Қазақстан Республикасы Yкіметінің адамдарды сатуға байланысты қылмысқа
қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспары туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 сәуірдегі № 261 Қаулысы
(2008.20.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету және үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған өңірлік жоспарларды әзірлесін және бекітсін.
3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық атқарушы және мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жыл сайын, 20 шілдеден және 20 қаңтардан кешіктірмей, Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын, 30 шілдеден және 30 қаңтардан кешіктірмей, Жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2008.20.06. № 597 қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)
Үкіметінің
2006 жылғы 10 сәуірдегі
№ 261 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің адамдарды сатуға
байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның
алдын алу жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар
жоспары
Ескерту: Мәдениетмині - Мәдениет және ақпарат министрлігі; ІІМ - Ішкі істер министрлігі; СМ - Сыртқы істер министрлігі; ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі; ҰҚК - Ұлттық қауіпсіздік комитеті; Еңбекмині - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; Әділетмині - Әділет министрлігі; БҒМ - Білім және ғылым министрлігі; ОІГСҰК ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия; ЭСЖҚА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы); ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі; Қаржымині - Қаржы министрлігі; БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары; ҮЕҰ - Үкіметтік емес ұйымдар; ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы; ЕҚЫҰ - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы; ХКҰ - Халықаралық көші-қон ұйымы; ДИАҚБ - Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро.