«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1257 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 280 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «2006 жылғы республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 1257 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 48, 622-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне онкологиялық ұйымдарды сәулелі терапияның қазіргі заманғы аппараттарымен және рентген-диагностикалық жабдықтармен жарақтандыруды қоса алғанда, жергілікті деңгейдегі медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын бөлу осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының