Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 27 наурыздағы № 73 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2012.20.02. № 244 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2012.20.02. № 244 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2007.20.10. № 974 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті құрылсын.
4. ҚР Үкіметінің 2012.26.06. № 846 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1) ҚР Үкіметінің 2007.20.10. № 974 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара )
2) ҚР Үкіметінің 2007.20.10. № 974 Қаулысымен алып тасталды бұр. ред. қара )
3) ҚР Үкіметінің 2012.20.02. № 244 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. ҚР Үкіметінің 2007.20.10. № 974 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. Мыналар:
1) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақтуринвест» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын;
қоғам қызметінің негізгі түрлері мыналар болып белгіленсін:
туризм инфрақұрылымының құрылысын, оның ішінде туристерді, көлікті, қоғамдық тамақтандыру объектілерін, ойын-сауық объектілері мен құралдарын, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және өзге мақсаттағы объектілерді орналастыру орындарын жоспарлау;
туризм индустриясы объектілерін салу үшін қажетті инженерлік коммуникацияларды (электрмен, жылумен, сумен жабдықтау, байланыс) салу және жүргізу;
2) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын;
қоғам қызметінің негізгі түрлері мыналар болып белгіленсін:
туризм және спорт объектілерін ұстау, оларға қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу;
туристік қызметтер мен туристік өнімдердің маркетингі;
жарнамалық, анықтамалық, әдістемелік өнімдер шығару және өндіру;
кәдесый және басқа да туристік өнімдер жасау, спорттық жабдықпен, мүкәммалмен және киіммен қамтамасыз ету.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервінен 400000000 (төрт жүз миллион) теңге бөлсін.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне берсін;
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп:
1) қоғамдардың жарғылық капиталын осы қаулының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражаттан 200000000 (екі жүз миллион) теңге мөлшерінде қалыптастыруды;
2) қоғамдардың Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
10. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі белгіленген тәртіппен қоғамдардың директорлар кеңесін қалыптастырсын.
11. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
12. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі осы қаулының іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
13. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының