«Салыстырып тексеруші таңбаларды дайындау, сақтау және қолдану Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Мемстандарт Төрағасының 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 141 Бұйрығы (күші жойылды)

Салыстырып тексеруші таңбаларды дайындау, сақтау және қолдану Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Мемстандарт Төрағасының 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 141 Бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің - орынбасары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 215 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының 5 бабын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:

1. Қоса берілген салыстырып тексеруші таңбаларды дайындау, сақтау және қолдану ережелері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің аккредиттеу және метрология бөлімі белгіленген заңнамалық тәртіпте қамтамасыз етсін:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жалпы ақпарат құралында жариялауды.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Василий Николаевич Михалченкоға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қолданысқа ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енсін.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және сауда

министрлігінің Техникалық

реттеу және метрология комитеті

Төрағасының 2006 ж. 13 сәуір

№ 141 бұйрығымен бекітілген

 

 

Салыстырып тексеруші таңбаларды дайындау, сақтау және қолдану

ережелері

 

Осы ережелер Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының дамуына сәйкес әзірленген және салыстырып тексеруші таңбаларды дайындау, сақтау және қолдану тәртібін, салыстырып тексеруші таңбаларға қойылатын талаптарды анықтайды және мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа (бұдан әрі - МҒМО), оның еншілес кәсіпорнына, өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтеріне таратылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.