«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы
№ 1151 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы № 354 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Оңтүстік»арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 1151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 43, 576-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы «тізбесін» деген сөз «номенклатурасын» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «тізбесі» деген сөз «номенклатурасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.