Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын коммуналдық меншікке беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 378 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсіпорындар) заңнамада белгіленген тәртіппен мүліктік кешен ретінде коммуналдық меншікке берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және тиісті облыстардың әкімдерімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпорындарды қабылдау-беру бойынша қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде:
реттік нөмірлері 15, 18, 21, 22, 24, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 34, 37, 38, 40, 41, 43 және 45-жолдар алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының