Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін
мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының
2003 жылғы 13 маусымдағы № 440-II Заңы
Осы редакция 2006 ж. 5 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-7 баптар)2-тарау. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың (8-14 баптар)жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы (15-17 баптар)4-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі (18-21 баптар)5-тарау. Қорытынды ережелер (22-23 баптар) Осы Заң аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аудиттеу субъектiсi - аудитормен немесе аудиторлық ұйыммен аудит жүргiзуге шарт жасасқан заңды тұлға;
2) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
3) аудитордың және аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - аудиттi өткізу кезiнде аудиттеу субъектiлерiне келтiрiлген мүлiктiк зиянды аудитордың және аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген өтеу мiндетi;
4) сақтанушы - сақтандырушымен аудитордың немесе аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан аудитор немесе аудиторлық ұйым;
5) сақтандыру төлемi - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;