«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 мамырдағы № 414 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 мамырдағы № 414 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 960 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:

3-тармақтың бірінші абзацы «10-3 (құпия)» деген сөздерден кейін «, 10-4» деген сандармен толықтырылсын;

22-тармақтың бірінші абзацы «10-3 (құпия)» деген сөздерден кейін «, 10-4» деген сандармен толықтырылсын;

осы қаулыға қосымшаға сәйкес 10-4-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 17 мамырдағы

№ 414 қаулысына қосымша

 

Қазақстан Республикасындағы

қару мен оның патрондары

айналымының ережесіне

10-4-қосымша

 

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ қызметкерлерін

қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының

түрлері, үлгілері, модельдері және саны

 

 

Қаруға патрондардың нормалары

 

 

Ескерту:

1. Қарудың атысын тексеру үшін көзделген патрондарды басқа мақсаттарда жұмсауға тыйым салынады.

2. Күзеттің барлық түрлерінің қару резерві - қарулануда бар әрбір 10 бірлікке 1 қару бірлігі.

3. Тегіс ұңғылы қаруға арналған патрондар № 7, 8 бытырамен оқталады немесе азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті орталық атқарушы органының нормаларына сәйкес жарақат салатын патрондар пайдаланылуы мүмкін.

4. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ қызметкерлерін темір жол көлігі объектілерінен тыс қаруландыру Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесіне 4-қосымшаның 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.