Рh.D. докторларын дайындауға арналған қаржылық нормативтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 211 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығымен күші жойылды
Эксперименталдық білім беру бағдарламаларының шеңберінде Рh.D докторларын дайындауға арналған республикалық бюджеттің қаражаттарын ретке келтіру және оңтайлы пайдалану мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) 1-қосымшаға сәйкес шетелдік ұйымдарда тағылымдамада (көшпелі іссапарда) жүрген Рh.D. докторларына тұрғын үйді жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормалары;
2) 2-қосымшаға сәйкес Рh.D. докторларын дайындауға арналған шығыстардың Үлгілік құрылымы бекітілсін.
2. Бюджеттік департаменті (Т А. Нұрғожаева):
осы бұйрықты белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
осы бұйрықты жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Х.Өтеулинаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Б. Әйтімова |
Білім және ғылым министрінің
2006 жылғы 25 сәуірдегі
№ 211 бұйрығына 1-қосымша
Шетелдік ұйымдарда тағылымдамада (көшпелі іссапарда)
жүрген Ph.D. докторларының шығыстарын өтеу нормалары
| № | Нормалардың атауы |
|
| 1 | Тәуліктік | Шетелдерде қысқа мерзімде іссапарда жүрген қызметкерлерге тәуліктік жөніндегі шығыстарды өтеу нормасынан 50% мөлшерінде («Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шетелдік іссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 148 қаулысы) |
| 2 | Оқу процесі кезінде тұру | Құжатпен расталған нақты шығыстар бойынша, бірақ айына 1500 АҚШ долларына баламалы сомадан артық емес |