жиырма екінші абзацта:
«40-49» деген сандар»»53-55» деген сандармен ауыстырылсын;
«30-36,8» деген сандар»»42,4-44» деген сандармен ауыстырылсын;
жиырма үшінші абзацтағы «3,7» деген сандар»«6,7» деген сандармен ауыстырылсын;
жиырма бесінші абзацтағы "7,9" деген сандар "5" деген санмен ауыстырылсын;
«ЖІӨ-нің өндірістік құрылымы, %-бен», «Экономика салаларының үлесі, ЖІӨ-ге %-бен» және»»Соңғы тұтыну әдісі бойынша ЖІӨ-нің құрылымы, ЖІӨ-ге %-бен» деген диаграммалар алынып тасталсын;
жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы абзацтар алынып тасталсын;
"Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету" деген 5-тарауда:
«Фискалдық саясат» деген 3-параграфта:
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«2006 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі № 1641 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық қор жаңа жұмыс істеу жүйесіне көшуді жүзеге асыратын болады.«;
«Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борышты басқару саласындағы саясаты» деген кіші бөлімде:
бірінші абзацтағы»«екі» деген сөз алынып тасталсын;
бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«мемлекеттік борышты басқару жөніндегі жүйені жетілдіру;»;
алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Үкіметтік қарыз алу, сондай-ақ қор нарығында тиісті бағдар белгілеу үшін айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздардың жеткілікті көлемін ұстап тұру мақсатында да пайдаланылады. Нақты жинақтау мақсатында үкіметтік қарыз алу саясаты бес жылдық перспективада кепілдік берілген борышты ескере отырып, Ұлттық қор активтерінің нарықтық құнына үкіметтік борыштың 50-70% арақатынасына қол жеткізуге бағдарланатын болады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышын басқару жүйесі қайта қаралатын болады. Мониторинг мемлекеттік борыш бойынша ғана емес, мемлекеттің басым қатысуымен акционерлік қоғамдардың борыштық міндеттемелерін өзіне қамтитын барлық мемлекеттік сектордың борышы бойынша да жүргізілетін болады.
Мемлекеттік борышты басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін қабылдау үшін Мемлекеттік борышты басқару жөнінде тұжырымдама әзірленетін болады. Тұжырымдамада борышты басқару стратегиясы, мемлекеттік борыш құрылымы мәселелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарының борыштық міндеттемелерін реттеу мәселелері мен мемборышты басқарудың ұйымдық негіздері өз көрінісін табады.«;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Бұдан басқа, Ұлттық қор активтерінің елеулі қысқартуына жол бермеу мақсатында (бір жағынан Ұлттық қорда жинақтау жүзеге асырылғанда, ал екінші жағынан шамадан тыс үкіметтік қарыз алынады) бюджет тапшылығын үкіметтік қарыз алу есебінен қаржыландыру деңгейі бес жылдық кезең үшін орташа жылдық мәнінде ЖІӨ-нің 1%-нан аспайтын мөлшерде шектелетін болады. Осылайша, бюджетке түсімдердің деңгейіне жағымсыз әсер ететін қолайсыз экономикалық конъюнктура кезеңінде бюджет тапшылығының көрсеткіші бес жылдық кезең үшін орташа мән шеңберінде ұлғаю жағына қайта қаралуы мүмкін.»;
«Салық саясаты» деген кіші бөлімнің екінші абзацы алынып тасталсын;
«Адами капиталды дамыту» деген 8-тарауда:
«Халықты әлеуметтік қамсыздандыру» деген 6-параграф мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«2006 жылғы 1 шілдеден бастап өңірлік әскери жанжалдарға қатысушылар мен халықтың кейбір басқа да санаттары үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері ұлғайтылады, сондай-ақ әлеуетті құрылымдар зейнеткерлеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы мөлшерін сараланған арттыру жүзеге асырылады.»;
«Денсаулық сақтау» деген 7-параграф мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«2006 жылдан бастап Астана қаласында медициналық кластер құру шеңберінде жаңа медициналық орталықтарды басқаруға көшбасшы шетелдік клиникалар мен госпитальдер тартылатын болады. Бұл бағыттағы пилоттық жоба - Ана мен баланың ұлттық ғылыми орталығы болады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштері" деген 2-бөлім осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
көрсетілген қаулымен мақұлданған»"Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған маңызды көрсеткіштерінің болжамы" деген 3-бөлім осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген»"2006-2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тізбесі" деген 4-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30-1-жолмен толықтырылсын:
"30-1 3 Теңіз көлігін дамытудың 2006-2012 2006- ККМ
жылдарға арналған бағдарламасы 2012 жж
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 31 наурыздағы № 222
қаулысына сәйкес әзірленеді) « ";
8-бағанда:
«Мемлекеттік орган бойынша жиыны:» деген жолдағы «5» деген сан «6» деген санмен ауыстырылсын;
«салалық бағдарламалар» деген жолдағы «5» деген сан «6» деген санмен ауыстырылсын;
«- олардың ішінде әзірленетіндері» деген жолдағы «1» деген сан «2» деген санмен ауыстырылсын;
«Бағдарламалар бойынша жиыны:» деген жолдағы «93» деген сандар «94» деген сандармен ауыстырылсын;
«- салалық» деген жолдағы «63» деген сандар «64» деген сандармен ауыстырылсын;
«Әзірленетін бағдарламалар:» деген жолдағы «21» деген сандар «22» деген сандармен ауыстырылсын;
«салалық бағдарламалар» деген жолдағы «13» деген сандар «14» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы»15 мамырдағы
№ 395 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы»26»тамыздағы
№ 884 қаулысымен
Бекітілген
2-бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
дамуының 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштері
* - Базалық зейнетақы төлемі 2005 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілді
** - шетелдік жұмыс күшін тартуға квота болжамы көшіп келген еңбекшілерді есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының экономикалық белсенді халқы санының %-ы ретінде есептеледі
ескертпе:
Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес тауарлар мен қызметтер импортына кедендік тарифтердің өзгеруі қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітіледі;
өнімдер (жұмыстар) өндіруге арналған стандарттар»"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бекітіледі.
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына) бағалардың және тарифтердің
шекті өсуінің 2006-2008 жылдарға арналған болжамы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы»15 мамырдағы
№ 395 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы»26»тамыздағы
№ 884 қаулысымен
мақұлданған
3-бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
дамуының 2006-2008 жылдарға арналған маңызды
көрсеткіштерінің болжамы