«Алматы қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін бекіту туралы» IІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XХІІІ сессиясының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы шешімі (2003.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

«Алматы қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін бекіту туралы»
IІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XХІІІ сессиясының
2002 жылғы 28 желтоқсандағы шешімі

(2003.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ІІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XІХ сессиясының 2005.18.11. № 193 шешімімен күші жойылды

 

«Салықтар және бюджетке өзге міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 333 бабының 1 тармағына, 337 бабының 1 тармағына, 338 бабының 1 тармағына және Алматы қаласының ұсынысына сәйкес ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:

1. Алматы қаласының жерлерінің аудандастыру (сұлбалары) жобасының негізінде базалық салық мөлшерлемелерінің түзетілімі бекітілсін, № 1 қосымша.

2. Үй төңірегіндегі жер телімдерінің базалық салық мөлшерлемелері бекітілсін, № 2 қосымша.

3. Автотұрақ, автожанармай станциялары мен базалары үшін пайдаланылатын базалық салық мөлшерлемелері бекітілсін, № 3 қосымша.

4. «Алматы қаласы бойынша жер телімдерінің салықтық мөлшерлемелерін, алымдар мен төлемдерді бекіту туралы» ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 21 желтоқсандағы ХІV-сессиясы шешімі № 1, 2, 3 қосымшаларының күші жойылған деп танылсын.

5. Осы шешім күшіне 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және өндірісті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (Шелипанов А.И.) және Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.Қ. Нұрпейісовке жүктелсін.

 

ІІ-сайланған Алматы қалалық

Мәслихаты кезектен тыс

XIII-сессиясының

төрағасы

 

Р. Әбсәметова

 

ІІ-сайланған Алматы

қалалық Мәслихатының

хатшысы

 

Т. Мұқашев

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.