Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2006 ж. 26 мамыр) (күші жойылды)

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
 
Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру туралы

 

Қабылданды- ҚР 2006 жылғы 4 шілдедегі № 149-III Заңы

 

ҚР Үкіметінің 2006.26.05. № 457 қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді

 

Осы Заң мемлекеттің Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын заңсыз еңбек мигранттарын ішкі істер органдарында тіркеу жолымен заңдастыру жөнінде бір жолғы акция өткізуін реттейді.

 

1-бап. Заңның қолданылу аясы

1. Заңдастыру осы Заңның қолданысқа енгізілуінен үш ай бұрын Қазақстан Республикасына келген және осы уақыттан бастап Қазақстан Республикасының аумағына келіп жатқан әрі уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтарына қатысты жүзеге асырылады.

2. Осы Заң осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың еңбегін пайдаланатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына қолданылады.

3. Осы Заңның әрекеті:

Қазақстан Республикасына қолданыстағы заңнаманы бұза отырып келген;

Қазақстан Республикасында болу құқығына жарамды құжаттары жоқ;

өзі туралы жалған мәліметтер берген немесе қажетті құжаттарды ұсынбаған шетел азаматтарына қолданылмайды.

 

2-бап. Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру мерзiмi

Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру 2006 жылғы 1 тамыздан бастап 2006 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда жүргізіледі.

 

3-бап. Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру тәртібi

1. Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыруды осы Заңның 1-бабының 1-тармағында көрсетілген шетел азаматтарының еңбегін пайдаланатын жұмыс беруші оларды ішкі істер органдарында еңбек мигранттары ретінде тіркеу арқылы жүргізеді.

2. Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру үшін жұмыс берушілер еңбек қызметін жүзеге асыратын жері бойынша ішкі істер органдарына еңбек мигранттарын тіркеу туралы өтініш береді.

Өтініште:

1) жұмыс беруші туралы деректер:

жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.