«Отандық, өңірлік және жаһандық нарықтардың қажеттіліктеріне бағытталған зерттеулерді жүргізудің, орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада республикада дамытылуы мүмкін тауарлар мен қызметтер өндірісін айқындаудың 2007 - 2008 жылдарға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 487 Қаулысы

«Отандық, өңірлік және жаһандық нарықтардың қажеттіліктеріне бағытталған
 зерттеулерді жүргізудің, орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада республикада
 дамытылуы мүмкін тауарлар мен қызметтер өндірісін айқындаудың
2007 - 2008 жылдарға арналған жоспары туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 487 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Отандық, өңірлік және жаһандық нарықтардың қажеттіліктеріне бағытталған зерттеулерді жүргізудің, орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада республикада дамытылуы мүмкін тауарлар мен қызметтер өндірісін айқындаудың 2007 - 2008 жылдарға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Орталық атқарушы органдар:

Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2007 жылдан бастап жыл сайын 25 қарашадан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы есепті ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі 2007 жылдан бастап жыл сайын 15 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық есепті ұсынсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 31 мамырдағы

№ 487 қаулысымен

Бекітілген

 

Отандық, өңірлік және жаһандық нарықтардың

қажеттіліктеріне бағытталған зерттеулер жүргізудің,

орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада

республикада дамытылуы мүмкін тауарлар мен қызметтер

өндірісін айқындаудың 2007-2008 жылдарға арналған жоспары

 

 

Ескертпе:

* - Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу болжанады

ҚР ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

ҚР АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ҚР ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

ҚР ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ДСҰ - Дүниежүзілік Сауда Ұйымы