«Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің
Статистика әдіснамасын біріздендіру және мемлекеттік статистика органдарын
үйлестіру жөніндегі шаралардың орындалуын бақылау тетігі туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы № 520 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің Статистика әдіснамасын біріздендіру және мемлекеттік статистика органдарын үйлестіру жөніндегі шаралардың орындалуын бақылау тетігі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Владимир Сергеевич Школьникке Келісімнің жобасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |