Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің Статистика әдіснамасын біріздендіру және мемлекеттік статистика органдарын үйлестіру жөніндегі шаралардың орындалуын бақылау тетігі туралы келісім (Шанхай, 2006 жыл 15 маусым)

Жоба

Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің
Статистика әдіснамасын біріздендіру және мемлекеттік статистика органдарын
үйлестіру жөніндегі шаралардың орындалуын бақылау тетігі туралы келісім
(Шанхай, 2006 жыл 15 маусым)

 

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы № 520 қаулысымен мақұлданды

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, 2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік (бұдан әрі - БЭК) құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің Yкіметтері,

статистика әдіснамасын біріздендіру және мемлекеттік статистика органдарының қызметін үйлестіру жөнінде келісілген шаралар қабылдаудың қажеттігін мойындай отырып,

Біріккен Ұлттар Ұйымының Статистика комиссиясы 1994 жылы мақұлдаған ресми статистиканың негіз қалаушы қағидаттарын қолдана отырып,

мына төмендегі туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Осы Келісім статистика әдіснамасын біріздендіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, олардың орындалуын бақылауға және мемлекеттік статистика органдарының қызметін үйлестіруге қатысты жалпы мәселелерді реттейді.

Статистика әдіснамасын біріздендіру және Тараптардың мемлекеттік статистика органдарының қызметін үйлестіру:

Тараптардың басқару органдарын экономикалық саясатты үйлестіру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін салыстырмалы статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету;

БЭК комиссияларын БЭК-тің жұмыс істеу мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде салыстырмалы статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету;

Тараптар арасында сауда мен инвестицияларды дамыту және БЭК комиссияларының құзыретіне кіретін басқа да мәселелерді шешу үшін қажет.

 

 

2-бап

 

Статистика әдіснамасын біріздендіру статистика саласындағы халықаралық ұйымдар әзірлеген және халықаралық статистикалық стандарттар ретінде ұсынылған құжаттардағы тұжырымдамалар, анықтамалар мен сыныптамалар негізінде жүзеге асырылуға тиіс.

 

3-бап

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.