«Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 маусымдағы № 544 Қаулысы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 маусымдағы № 544 Қаулысы

(2022.19.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) ҚР Үкіметінің 2022.19.08. № 581 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3) «Кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 наурыздағы № 211 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., № 10, 99-құжат):

тақырыбында «республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды» деген сөздер «объектілерді республикалық меншіктен» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақта «және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мүліктік кешендер ретінде» деген сөздер «мүліктік кешен ретінде және Алматы қаласы, Достық даңғылы, 114 мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Алматы қаласы әкімінің республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының теңгерімінен Алматы қаласы, Достық даңғылы, 114 мекен-жайында орналасқан ғимаратты және қосымшаға сәйкес мүлікті Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.»;

2-тармақта «осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындарды» деген сөздер «осы қаулының 1 және 1-1-тармақтарында көрсетілген объектілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;

осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 13 маусымдағы

№ 544 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 29 наурыздағы

№ 211 қаулысына

қосымша

 

 

Республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының теңгерімінен Алматы қаласының

коммуналдық меншігіне берілетін мүліктің

тізбесi