«2006 жылға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы» IІІ сайланған
Алматы қалалық Мәслихатының XX сессиясының
2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 202 шешімі
(2006.28.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 15 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ІІІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
IІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының XXІ сессиясының 2006.16.01. № 221; 2006.28.02. № 227 шешімдерімен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Алматы қаласының 2006 жылға арналған бюджеті № 1 қосымшаға сәйкес мынадай мөлшерде бекітілсін:
1) кірістер - 137 040 171 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 91 726 380 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 608 670 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14 737 819 мың теңге;
республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттердің түсімі - 28 967 302 мың теңге;
2) шығындар - 137 299 656 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 259 485 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - 2 084 500 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу - 2 084 500 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 787 566 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 1 037 566 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер - 250 000 мың теңге;
6) бюджет тапшылығы - 1 037 449 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 037 449 мың теңге, оның ішінде:
қарызды өтеу - 2 429 709 мың теңге;
бюджеттік қаражат қалдықтарының айналысы - 1 392 260 мың теңге.
2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен түсімдер есебінен құралады деп белгіленсін:
- жеке табыс салығынан;
- әлеуметтік салықтан;
- заңды және жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салықтардан;
- жер салығынан;
- бірыңғай жер салығынан;
- заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтардан;
- Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өнімдеріне (оның ішінде араққа, ликер-арақ бұйымдарына, шарапқа, коньякқа, шампан шараптарына, сыраға, күшейтілген сусындарға) берілген акциздерден;