Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғатты
қорғауды бақылау комитетiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1126 қаулысы
(2006.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 22 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінің Табиғатты қорғауды бақылау комитетi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғатты қорғауды бақылау комитетiнiң құрылымы бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғатты қорғауды бақылау комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуға рұқсат етілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының