(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ 09.07.04 Ж. № 210 БҰЙРЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі
комитеті тергеу изоляторларының арнайы есеп бөлімдерінің жұмысы
туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің 2004 жылғы 9 шілдедегі № 210 бұйрығы

Осы редакция 2006 ж. 9 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

бірінші орынбасары

ІІІ сыныптағы мемлекеттік

әділет кеңесшісі

2004 жылғы 8 шілде

Жолын кесу шарасы ретінде тұтқындау қолданылған сезіктілер мен айыпталушыларды ұстауға байланысты құжаттау мен есепке алу мәселелері бойынша қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының арнайы есеп бөлімдерінің қызметін реттеу мақсатында, бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторларының арнайы бөлімдерінің жұмысы туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық басқармаларының бастықтары осы Нұсқаулықты жеке құрамының оқып-үйренуін ұйымдастырсын және тергеу изоляторының жұмысы Нұсқаулық талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.

4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

Министрдің міндетін атқарушы

"Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігінің

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

тергеу изоляторларының арнайы

есеп бөлімдерінің жұмысы туралы

нұсқаулықты бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігінің

2004 жылғы 9 шілдедегі

№ 210 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару

жүйесі комитеті тергеу изоляторларының арнайы есеп бөлімдерінің

жұмысы туралы

Нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.