«Қазақстан Республикасының делегациясын Каир (Египет Араб Республикасы) және Дамаск
(Сирия Араб Республикасы) қалаларына іссапарға жіберу туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 маусымдағы № 169-ө Өкімі
Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) этно-мәдени орталық пен Әл-Фараби кесенесін салуға, Сұлтан Бейбарыс кесенесі мен Каир қаласындағы (Египет Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыс мешітін қайта жөндеуге қатысты келіссөздер жүргізу үшін:
1. Қосымшаға сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы 2006 жылғы 22 - 29 маусымда Каир (Египет Араб Республикасы) және Дамаск (Сирия Араб Республикасы) қалаларына іссапарға жіберілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі делегация мүшелерінің жол жүру құжаттарын белгіленген тәртіппен ресімдесін және Ерасыл Әбілқасымұлы Әбілқасымовты, Қуаныш Айтаханұлы Айтахановты, Балтабай Төребайұлы Омаровты қоспағанда, қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Стамбул - Дамаск - Каир - Стамбул - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша шетелдік валютада қаражат бөлсін.
| Премьер-Министр | Д. Ахметов |
Премьер-Министрінің
2006 жылғы 20 маусымдағы
№ 169-ө өкіміне
Қосымша
Дамаск қаласында этно-мәдени орталық пен Әл-Фараби кесенесін
салуға, Сұлтан Бейбарыс кесенесі мен Каир қаласындағы
Сұлтан Бейбарыс мешітін қайта жөндеуге қатысты келіссөздерге
қатысатын Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
(2006 жылғы 22 - 29 маусым)
| Ертісбаев Ермұхамбет Қабиденұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрi |
| Әбілқасымов Ерасыл Әбілқасымұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісінің депутаты |
| Айтаханов Қуаныш Айтаханұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты |
| Омаров Балтабай Төребайұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісінің Аппараты Халықаралық байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісi |
| Сәки Қайрат Ұзақұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің бөлім бастығы |