Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату қағидаларын және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 Қаулысы
(2026.31.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.20.12. № 124 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.24.02. № 42 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.12.09. № 64 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.12.10. № 140 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 31 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 3, 5-тармақтарына, 50-бабына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 70, 73-баптарына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабының 2-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 10), 10-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.20.12. № 124 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.24.02. № 42 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.12.09. № 64 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату қағидалары және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар бекітілсін.