«Механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мерзімді мемлекеттік техникалық байқау туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы № 263 Бұйрығы (2009.20.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мерзімді мемлекеттік техникалық байқау туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы № 263 Бұйрығы

(2009.20.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ішкі істер министрлігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 217 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңының 5-1-бабы 1-тармағының 28) тармақшасы мен 10-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы «Жол жүрісі қауіпсіздігі» Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланатын және белгіленген тәртіппен (бұдан әрі - көлік құралдары) тіркелген механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді, мопед, трактор мен өздігінен жүретін машиналардан басқа, мерзімді мемлекеттік техникалық байқауды (бұдан әрі - байқау) жүргізу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының ІІМ) Жол полициясы комитеті қамтамасыз етсін.

Мыналар бақылаудың негізгі міндеттері болып белгіленсін:

1) жол жүрісіне қатысатын көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен жабдықтары Жол жүрісі ережелеріне, стандарттарға және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестілігін бағалау;

2) көлік құралдарының санын, олардың тиесілігін және өзге де тіркеу құжаттарын нақтылау;

3) қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу.

ҚР Ішкі істер министрінің 2007.26.02. № 83 Бұйрығымен 2-тармақтағы екінші және үшінші абзацтар жеке 2.1-тармақ болып бөлінді және жаңа редакцияда жазылды (бұр. ред. қара)

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 747 қаулысымен бекітілген әскери-көліктік міндеттер туралы тәртіпке сәйкес, жергілікті органдардағы әскери басқарманың өкілдерінің қатысуымен көлік құралдары мерзіміне байланысты.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.