Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 217 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Б.Б. Бисенқұлов) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiне жолдасын;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тұрғымбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.