Ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылауды ұйымдастыруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 ж. 13 ақпандағы № 87 бұйрығы
(2005.16.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 217 бұйрығымен күші жойылды
Көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылаудың тиімділігін жетілдіру және арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылауды ұйымдастыруы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Астана, Алматы қалалары ІІББ-ның, облыстар ІІББ-ІІБ-ның бастықтары:
1) жол полициясы қызметкерлерінің осы Нұсқаулықты зерделеуін қамтамасыз етсін;
2) ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылау жөніндегі жұмысын Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырсын;
3) көлік құралдарының иелерін (заңды және жеке тұлғаларды) осы Нұсқаулықтың талаптары туралы хабардар ету жөнінде іс-шаралар жүргізсін;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1329 қаулысының «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» талаптарына сәйкес автокөлік құралдарын жарыққа шағылысатын материалмен кезең-кезеңмен таңбалау мерзімдерінің сақталуына бақылау орнатылсын.