“Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 Қаулысы
(2006.02.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 27 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Үкiметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңы 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілiп отырған республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерi штат санының лимиттерi бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының