«Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 маусымдағы № 600 Қаулысы (2008.20.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

«Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік
стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 маусымдағы № 600 Қаулысы

(2008.20.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

 «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2008.20.06. № 597 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Орталық атқарушы және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға жыл сайын, 20 қаңтардан кешіктірмей өткен жылы Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі № 999 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 35, 311-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1705 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 шілдедегі № 808 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 22, 249-құжат);

3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 95 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 5, 43-құжат).

4. ҚР Үкіметінің 2008.20.06. № 597 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара).

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізеді.

 

Қазақстан Республикасының

 

                                         Қазақстан Республикасы

                                                Үкіметінің

                                        2006 жылғы 29 маусымдағы

                                       № 600 қаулысымен бекітілген

 

 

 ҚР Үкіметінің 2007.16.02  № 117 Қаулысымен   жоспар өзгертілді  (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.20.06. № 597 каулысымен өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған

Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі

2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

 

 

Ескертпелер:* - іс-шара халықаралық гранттарды тарту есебінен іске асырылатын болады; аббревиатуралардың толық жазылуы:

ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия

АҚҰО - Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық

МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігі

СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

РБК - Республикалық бюджет комиссиясы

БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары