«Берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы № 215 Бұйрығы (2007.21.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

«Берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті
төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы № 215 Бұйрығы

(2007.21.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Қаржы министрінің м.а. 2010 жылғы 17 шілдедегі № 357 Бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 350-бабының 8-тармағын іске асыру мақсатында бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Посткедендік бақылау басқармасы (Д.Т. Мамашева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (С.С. Молдабаев) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. «Берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы № 185 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2278 болып тіркелген, 2003 жылғы 28 маусымдағы № 26 «Ресми газетте» жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ә.Е. Мамбеталинге жүктелсін.

6. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

ҚР Қаржы министрінің 2007.21.12. № 474 Бұйрығымен хабарлама өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)

 

                                         Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.