«Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2006 жылғы 28 маусымдағы № 227 Бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау
жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру
және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2006 жылғы 28 маусымдағы № 227 Бұйрығы

 

ҚР Қажы министрінің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 115 Қаулысымен күші жойылды

 

 «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (М.Т.Мамашев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2006 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Министрдің міндетін

атқарушы

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

міндетін атқарушының

2006 жылғы 28 маусымдағы

№ 227 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды

аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметін

қалыптастыру және жүзеге асыру ережесі

 

Осы Ереже «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметінің жалпы қағидаттарын және оларды қалыптастыру тәртібін белгілейді.

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясын Құрылтайшылар болып табылатын аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдар (бұдан әрі - кәсіби ұйымдар) құрады.

2. Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - «Комиссия») Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметпен айналысуға ниет білдірген аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау мақсатында құрылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.