Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрлігінің Инвестиция комитеті Төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы № 18-п бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетi төрағасының 2006 жылғы 20 шілдедегі № 54-п бұйрығы
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығымен күшi жойылды
«Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15 және 19-баптарына сәйкес бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрлігінің Инвестиция комитеті Төрағасының «Инвестициялар мемлекеттік қолдауының кейбір мәселелерi туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2222 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 23-24, 850-бап) 2003 жылғы 18 наурыздағы № 18-п бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1 қосымша берілген редакцияға сәйкес жазылсын.
2. Осы бұйрық бірінші ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Е. Арынов |
Индустрия және сауда министрлігі
Инвестиция комитетi төрағасының
2006 жылғы 20 шілдедегі
№ 54-п бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
Инвестиция комитетi төрағасының
2003 жылғы 18 наурыздағы № 18-п бұйрығымен
бекітілген 1-қосымша
Инвестициялық преференцияларды алуға арналған
өтінім
1. Инвестор туралы мәліметтер | ||
1 | Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы |
|
2 | Заңды тұлғаны алғашқы мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі |
|
3 | Заңды тұлға қайта тіркеуден өтті ме, айда (күні) және қандай негіздермен |
|
4 | Пошталық мекен-жайы (заңды мекен-жайы, нақты орналасқан жері) Банктік реквизиттерi |
|