Астана қаласында жаңа орталықтардың базасында медициналық
қызметтер кластерін құру жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 шілдедегі № 719 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласында жаңа орталықтардың базасында медициналық қызметтер кластерін құру жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Мүдделі мемлекеттік органдар жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2006 жылғы 31 шілдедегі
№ 719 қаулысымен
Бекітілген
Астана қаласында жаңа орталықтардың базасында медициналық қызметтер
кластерін құру жөніндегі жоспар
Денсаулық сақтау ісіндегі ахуалды түбегейлі жақсартуға мүмкіндік беретін инновациялық»серпілістің тиімді жолдарының бірі Астана қаласында медициналық кластер құру болып табылады. Медициналық қызметтердің қазіргі заманғы кластерінің міндеттері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне медицина ғылымының жетістіктерін, ауруханалық менеджменттің халықаралық қағидаттары трансфертін, алдыңғы қатарлы медициналық технологиялар мен стандарттарды енгізу болып табылады.
Астана қаласындағы медициналық кластердің негізі пайдалануға берілетін алты денсаулық сақтау объектісі болуы тиіс: 500 төсектік Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы, 300 төсектік Республикалық балаларды оңалту орталығы, ауысымда 500 адам қабылдайтын Республикалық диагностика орталығы, жедел жәрдем станциясы бар 240 төсектік Медициналық жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институты, 160 төсектік Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы, 180 төсектік Кардиохирургия ғылыми орталығы (бұдан әрі - орталықтар).
Медициналық қызметтер кластерін құру республиканың әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруін қамтамасыз ететін Қазақстанға халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасын жаңа деңгейге көтеруге, медицина ғылымы мен білім беруді халықаралық кеңістікке ықпалдастыруға, жаңа тұрпаттағы медицина кадрларын даярлауға мүмкіндік береді.
*техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге
Ескертпе:
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі.