«Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден
бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық
авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық
авиация комитеті төрағасының 2006 жылғы 3 шілдедегі № 126 Бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 Бұйрығымен күші жойылды
Жолаушылар, теңдеме жүк және жүк тасымалдауды жүзеге асыру үшін тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттарды беру тәртібін және беруден бас тарту үшін негіздемелерді жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. «Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тартуға арналған негіздердің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізбесінде № 2558 нөмірімен тіркелді, орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық кесімдер бюллетенінде жарияланған, 2003 жылғы № 43-48, 895 беті; ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының 3 тамыз 2004 жылғы № 139; 12 қаңтар 2005 жылғы № 4; 28 ақпан 2006 жылғы № 28 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тарту Ережелерінде:
2 тармақтың:
7) тармақшадағы "." белгісі ";" белгісіне ауыстырылсын;
мына мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: