Тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру ережесі және беруден бас тарту үшін негіздер
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының
2003 ж. 30 қазандағы № 502 бұйрығы
(2010.06.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 Бұйрығымен күші жойылды
«Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы № 271-II Заңына сәйкес және жолаушыларды, теңдеме жүк пен жүкті тасымалдауды жүзеге асыру үшін тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесінің және беруден бас тартудың тәртібін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесі және беруден бас тарту негіздері (бұдан әрі Ереже) бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникациялар министрлігінің Азаматтық
авиация комитеті төрағасының
2003 жылғы 30 қазандағы № 501 бұйрығымен
бекітілген
Тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру ережесі
және беруден бас тарту үшін негіздер
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер азаматтық әуе кемелерімен жолаушыларды, теңдеме жүк және/немесе жүкті әуеде тасымалдауды жүзеге асыру мақсатында халықаралық және ішкі авиамаршруттарда тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру тәртібін және беруден бас тарту негіздері тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен терминдер қолданылады:
1) авиациялық маршрут - үстінен авиатасымалдау пункттері арасында әуе қатынасы жүзеге асырылатын жер үсті географиялық бейнесінің қиюласуы немесе географиялық сипаттамасы. Ауданында ұшу/бару әуеайлағы орналасқан елді мекендер авиатасымалдар пункттері болып табылады;
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2007.27.03. № 55 Бұйрығымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.