«Есірткі құралдары, псиохотроптық заттар және прекурсорлар айналымы
саласындағы объектілер мен үйлерді пайдалану үшін рұқсат
беру тәртібі туралы» нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 ақпандағы
№ 141 бұйрығы
Осы редакция 2006 ж. 25 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді «Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына сәйкес келтіру және есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үйлерді пайдалану үшін рұқсат берудің бірыңғай тәртібін орнату мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған «Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үйлерді пайдалану үшін рұқсат беру тәртібі туралы» нұсқаулық бекітілсін.
2. Астан қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің, КІІББ-нің және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің УСП-нің бастықтары:
1) осы Нұсқаулықты тиісті қызмет қызметкерлерінің сынақ алу арқылы оқып-үйренуін ұйымдастырсын;
2) Нұсқаулық талаптарының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер Вице-министріне (И.И. Отто) және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Қоғамдық қауіпсіздік департаментіне (Қ.С. Тыныбеков) жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі -
Ішкі әскерлер қолбасшысы
| генерал-майор
| Б. Ысқақов |